Астанада үсік, Алматыда найзағай: алдағы үш күннің ауа райы
Фото: pixabay
Алматыда аптап ыстықтың орнын жаңбыр мен найзағай басады. Шымкентте де ауа температурасы біртіндеп төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
30 тамыз: құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +14+16°С.
31 тамыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, топырақ бетінде 1°С-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +12+14°С болады.
1 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +13+15°С.
Алматы
30 тамыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +31+33°С.
31 тамыз: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, кей уақытта екпіні 15-18 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.
1 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады, кей уақытта екпіні 15-18 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +21+23°С.
Шымкент
30 тамыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +35+37°С.
31 тамыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С.
1 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +27+29°С.