Ақмола облысында 5 млн теңгенің трансформаторын ұрламақ болғандар ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 15:16 Фото: Zakon.kz
Аршалы ауданының полиция қызметкерлері жергілікті карьер аумағынан қымбат жабдықтарды ұрлау әрекетін тоқтатты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Аршалы ауылының екі тұрғыны құны 5 миллион теңгеге жуық трансформаторды ұрламақ болғанын анықтады.

Алайда ер адамдар қылмыстық жоспарды соңына дейін жеткізе алмады.

Олардың заңсыз әрекеттері уақытылы тоқтатылып, мүлік сақталды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер жасаған істерін мойындады.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайы толық анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: