Алдымен бос жұмыс орны, содан кейін қызметкер: жұмыс берушілерге айыппұл туралы ескертілді

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, карьера, собеседование, работа, работники, сотрудники, наем, трудоустройство, прием на работу, профессия, профессии, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 15:22 Фото: pixabay
Қазақстандық жұмыс берушілерге бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жариялау және қызметкерлерді жұмысқа қабылдау тәртібі түсіндірілді.Сондай-ақ Enbek.kz порталында бос жұмыс орны туралы мәліметті қашан жариялау керектігі және жұмысқа орналасу жұмыссыз мәртебесіне қалай әсер ететіні айтылды

Бұл маңызды ақпаратты 2026 жылғы 31 тамызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынды.

Заңнамаға сәйкес, бос жұмыс орны туралы мәлімет Enbek.kz электрондық еңбек биржасында ол пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде және қызметкерді ресми түрде жұмысқа қабылдағанға дейін жариялануға тиіс.

Жұмыс берушілер нені білуі керек:

  • барлық бос жұмыс орны міндетті түрде жарияланады;
  • мәлімет бос жұмыс орны пайда болғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылуы керек;
  • бос жұмыс орындарын жасырып қалғаны және қызметкерлердің қысқартылатыны туралы мәлімет бермегені үшін алдымен ескерту жасалады, ал заңбұзушылық қайталанса, әкімшілік айыппұл салынады.

Жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздар үшін:

  • жұмысқа орналасқан азамат бес күн ішінде Мансап орталығына хабарлауға міндетті;
  • азамат өтініш беруді ұмытып кетсе де, жұмыс беруші электрондық еңбек шартын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркегеннен немесе алғашқы зейнетақы жарнасы түскеннен кейін жүйе оны жұмыссыздар есебінен автоматты түрде шығарады;
  • енді мемлекеттік органдарға барып, анықтама жинаудың қажеті жоқ.
"Жұмыс берушілерді Enbek.kz порталында бос жұмыс орындары туралы мәліметті уақтылы жариялауға, электрондық еңбек шарттарын тіркеуге, сондай-ақ міндетті әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын уақытында төлеуге шақырамыз", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін, 2026 жылғы 20 тамызда кейбір адамдардың өзгелерге қарағанда неліктен көбірек табыс табатыны туралы материал жарияланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: