1-3 қыркүйекте үш мегаполисте ауа райы құбылмалы болады
Фото: unsplash
Астанадағы ауа райы
1 қыркүйек: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +12…+14°C. Топырақ бетінде 1°C үсік күтіледі.
2 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C. Топырақ бетінде 1°C үсік болады.
3 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C.
Алматыдағы ауа райы
1 қыркүйек: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей уақытта екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C.
2 қыркүйек: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз кей уақытта екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +21…+23°C.
3 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.
Шымкенттегі ауа райы
1 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.
2 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +27…+29°C.
3 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күз үсікпен басталатынын хабарлаған еді.