Таңертең 40 мың жолаушы: Алматы метросы жаңа оқу жылының алғашқы күнін қалай өткізді

Метрополитен, метро, общественный транспорт, работники метро, станции метро, станция метро , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2026 15:59 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 1 қыркүйекте оқушылар мен студенттер оқу орындарына оралып, Алматыда таңғы кептеліс қайта басталды. Таңертеңнен бастап аялдамаларда адам қарасы көбейіп, метрополитенде жолаушылар ағыны айтарлықтай артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындарының бірі лық толған метроның видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

"Метро. Қош келдің, қыркүйек, – деп әзілдеді видео авторы.

Айта кетейік, бір күн бұрын, 31 тамызда Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берген еді.

"1 қыркүйекте жол жүру бағытын алдын ала жоспарлаңыздар. Қарбалас уақытта мүмкіндігінше қоғамдық көлік пен метроны таңдаңыздар, – делінген хабарламада.

Zakon.kz тілшісі Білім күнінің алғашқы жартысында метрополитенде қалыптасқан жағдайға қатысты "Метрополитен" КМК баспасөз қызметінен түсініктеме алды.

Кәсіпорынның мәліметінше, жаңа оқу жылының алғашқы күні Алматы метросындағы жолаушылар ағыны едәуір артқан.

"1 қыркүйекте сағат 06:20-дан 15:00-ге дейін метро қызметін 40 мыңға жуық жолаушы пайдаланды, – деп хабарлады "Метрополитен" КМК.

Сонымен қатар жаңа оқу жылының басталуына байланысты электр пойыздарының қозғалыс кестесі өзгертілді. Енді таңғы және кешкі қарбалас уақытта пойыздар арасындағы интервал 3 минут 27 секундқа дейін қысқартылды.

Қазақстанның әр өңірінде Білім күніне арналған салтанатты жиындардың қалай өткені туралы осы сілтемеден оқуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: