Ержан Сәденов Ішкі істер министрі қызметінде қалды

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі қызметінде қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 09:10 Сурет: primeminister.kz
2026 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжаттың мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Саденов Ержан Сапарбекұлы – Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін, 1998 жылы – ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған

I дәрежелі "Даңқ" (2026), I (2024) және II дәрежелі (2018) "Айбын" ордендерімен марапатталған

Мансап

1993-2009 жылдары ШҚО Ішкі істер бөлімшелерінде аға жедел уәкілден аумақтық департамент басқармасының бастығына дейін қызмет атқарды.

2009 жылдан 2022 жылға дейін Маңғыстау, Ақмола облысы және Нұрсұлтан қ. Көліктегі ішкі істер департаменттері бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарында еңбек етті.

2022-2023 жылдары – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

2023 жылдың қыркүйек айынан – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

Дәурен Қосанов та өз қызметінде қалды. 3 қыркүйек күні таңертең оны Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлық жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: