Астанада Лаос президентін қарсы алу рәсімі өтті

Лаос Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 12:03 Сурет: akorda.kz
Лаос Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына сәлемдесу рапортын берді. Одан кейін Қазақстан мен Лаостың мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Бұған дейін, 2026 жылғы 31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Бішкекке жұмыс сапарымен барған еді. Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің XXVI отырысына қатысып, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу рәсіміне барды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: