Жаз жалғасады: Қазақстанда күн +37°C-қа дейін ысиды

Сильная жара, лето, высокая температура, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 11:16 Фото: unsplash
2026 жылғы 5-7 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады. Елде негізінен жауын-шашынсыз әрі аз бұлтты ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Жекелеген аудандарда жел күшейеді.

"Еліміздің басым бөлігінде жаздағыдай жылы ауа райы сақталады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Дегенмен шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта күн салқын болады.

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста, солтүстікте және орталықта +25...+33°C;
  • шығыста +20...+25°C;
  • оңтүстікте +28...+37°C;
  • оңтүстік-шығыста +20...+30°C;
  • таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10...+20°C шамасында болады.

Қазақстан бойынша 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын осы сілтемеден оқуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: