Самарадан келе жатқан циклон Қазақстанға жаңбыр мен салқын ауа райын әкеледі

Дождь, дожди, осадки, зонтик, зонт, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2026 12:27 Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2026 жылғы 8-10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, ел аумағында күздің алғашқы белгілері байқала бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы күндері орталығы Самара қаласының үстінде орналасқан циклон Батыс Қазақстанға әсер етеді. Соның салдарынан өңірде жаңбыр жауып, кейде нөсерге ұласады және ауа температурасы төмендейді.

"Республиканың қалған аумағында жаздағыдай жылы ауа райы сақталады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады.

Ал еліміздің шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Елдің батысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді:

  • түнде +12...+21°С-тан +7...+16°С-қа дейін;
  • күндіз +15...+25°С-тан +13...+23°С-қа дейін.

Солтүстік-батыста түнгі ауа температурасы +13...+20°С-тан +5...+15°С-қа дейін, ал күндіз +20...+30°С-тан +15...+25°С-қа дейін төмендейді.

Бұған дейін синоптиктер 7 қыркүйек, дүйсенбіге арналған Қазақстан бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: