3,7 млрд теңге залал: ҰҚК екі айдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес қорытындысын жариялады
Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 7 қыркүйекте, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шілде және тамыз айларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Комитеттің мәліметінше, екі айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 201 құқық бұзушылық тіркелген.
"Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, жымқыру, алаяқтық, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және асыра пайдалану секілді қылмыстарға жатады", – деп түсіндірді ҰҚК.
Сонымен қатар қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылған.
"126 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 110-ы сотқа жолданды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал көлемі 3,7 млрд теңгені құрады", – делінген ҰҚК хабарламасында.
Бұған дейін, 12 тамызда, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу қағидалары өзгергені хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript