Күз кейінге шегерілді: Алматыға +33°C ыстық қайта оралады

Алматы, осень с Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2026 16:44 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Күз келуге асықпайтын секілді. Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған алдағы үш күннің ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің үш мегаполисінде жаздағыдай жылы, кей жерлерде аптап ыстық күндер сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК болжамынша, 2026 жылғы 8-10 қыркүйек аралығында үш қалада да жауын-шашын күтілмейді. Ең жоғары ауа температурасы Шымкентте тіркеліп, күндіз +35°C-қа дейін көтеріледі.

Астана

8 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.

9 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде +13...+15°C, күндіз +29...+31°C.

10 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Түнде +15...+17°C, күндіз +29...+31°C.

Алматы

8 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Түнде +14...+16°C, күндіз +29...+31°C.

9 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде +13...+15°C, күндіз +30...+32°C.

10 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде +15...+17°C, күндіз +31...+33°C.

Шымкент

8-9 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.

10 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C.

Айта кетейік, синоптиктер 8-10 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша жалпы болжамда бірқатар өңірде жаңбыр жауып, күн салқындайтынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: