Конституциялық сот: бәсекелеспеу туралы шарт еңбек ету бостандығын бұзбайды

Юрист, юристы, юриспруденция, юридический консультант, юридическая помощь, право, правоведение, правовая система, адвокат, закон, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 09:44 Фото: pexels
Конституциялық сот жұмыс беруші мен қызметкер арасында бәсекелеспеу туралы шарт жасасуды реттейтін Еңбек кодексінің 29-бабы 1 және 2-тармақтарының Конституцияға сәйкестігін тексеру жөніндегі өтінішті қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтініш иесінің пікірінше, еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін қызметкерге шектеу қою мүмкіндігі оның еңбек ету бостандығы мен кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне нұқсан келтіреді.

Конституциялық сот Еңбек кодексінің 29-бабы жалпы ережелерді айқындайтын шеңберлік сипатқа ие екенін түсіндірді. Бұл норма тараптардың өзара келісімі бойынша бәсекелеспеу туралы шарт жасасуына мүмкіндік береді. Ал оның нақты талаптары мен шектеулерін жұмыс беруші мен қызметкер заңнама талаптарын ескере отырып өздері белгілейді.

Шарт талаптарының жарамдылығы, айыппұл өндіріп алу және жұмыс берушіге залал келтірілген-келтірілмегенін анықтау жалпы юрисдикциядағы соттардың құзыретіне жатады.

Ал сот актілерін қайта қарау және істің нақты мән-жайларын бағалау Конституциялық соттың өкілеттігіне кірмейді.

Осыған байланысты өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдауға негіз жоқ деп танылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: