Қазақстанда атқарушылық іс жүргізу тәртібі өзгерді

Авторское право, авторские права, патентное право, патент, интеллектуальная собственность, интеллектуальные права, правообладание, правообладатель, право интеллектуальной собственности, права интеллектуальной собственности, нарушение авторских прав, ИС, судебная экспертиза объектов интеллектуальной собственности, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 11:45 Фото: freepik
Әділет министрі 2026 жылғы 1 қыркүйектегі бұйрығымен атқарушылық құжаттарды мемлекеттік автоматтандырылған атқарушылық іс жүргізу ақпараттық жүйесі арқылы жеке сот орындаушылары арасында бөлу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, өңірлік палатадан қағаз түрінде келіп түскен атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары үш жұмыс күні ішінде қолма-қол қабылдайды.

Егер жеке сот орындаушысының кеңсесі астанадан, облыс немесе республикалық маңызы бар қала аумағынан тыс жерде орналасса, атқарушылық құжат оның алынғанын растайтын белгісі бар тапсырыс хатпен жіберіледі.

Атқарушылық құжатпен бірге оған қоса берілген материалдар да табысталуға тиіс.

Сонымен қатар мүліктік емес, яғни ақшалай емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшері өзгерді.

Енді баламен қарым-қатынас жасау тәртібіне қатысты атқарушылық құжаттар бойынша жеке тұлғалар ай сайын 10 АЕК немесе 2026 жылы 43 530 теңге төлейді. Бұған дейін төлем мөлшері 20 АЕК болған.

Сондай-ақ ескертпеден баламен қарым-қатынас жасау тәртібіне қатысты атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы өндіріп алушы мен борышкерге тең үлеспен жүктелетіні туралы норма алынып тасталды.

Бұйрық 2026 жылғы 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: