Автоматтандыру және роботтандыру мамандары: Қазақстанда кімдерге сұраныс артады
Фото: primeminister.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 8 қыркүйекте Үкімет отырысында елімізде жаңа жұмыс орындары ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, биыл өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 200 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.
"Жобаларды іске асыру нәтижесінде 17 300 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бүгінде 84 жоба іске қосылып, 5 800 жұмыс орны құрылды", – деді Ерсайын Нағаспаев.
Осыған байланысты автоматтандыру, цифрлық жобалау, роботтандыру, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік салаларындағы мамандарға сұраныс артып келеді.
"Мамандарды инвестициялық жобаларды жоспарлау кезеңінен бастап даярлау мәселесі салалық жоспар аясында пысықталып жатыр", – деді министр.
Бұған дейін Ерсайын Нағаспаев бос жұмыс орындары ең көп салаларды атаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript