Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгереді

Дождь, дожди, осадки, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 10:47 Фото: pixabay
Алдағы күндері, яғни 2026 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында Қазақстандағы ауа райы айтарлықтай өзгереді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтердің мәліметінше, еліміздің барлық дерлік аумағында жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне ықпал еткен антициклонның орнына циклон келеді.

"Алдымен циклон батыс өңірлерге найзағай ойнап, екпінді жел соғатын жаңбыр әкеледі. Кейін Қазақстанның солтүстігіне қарай жылжиды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, ауа райының өзгеруі еліміздің оңтүстігіне айтарлықтай әсер етпейді.

Бұл өңірде Өзбекстан аумағынан келетін жылы ауа массаларының ықпалымен күн жылы әрі негізінен жауын-шашынсыз болады.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 2026 жылғы 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын мына жерден көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: