Алматыға жазғы ыстық қайта оралады
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алдағы күндердің ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК синоптиктері жариялады. Үш күн ішінде елордада бір рет қана жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Астана
17 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +6...+8°С, күндіз +23...+25°С болады.
18 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +23...+25°С болады.
19 қыркүйек: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +19...+21°С болады.
Алматы
17 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +25...+27°С болады.
18 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Әлсіз жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +27...+29°С болады.
19 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +29...+31°С болады.
Шымкент
17 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°С, күндіз +28...+30°С болады.
18-19 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +30...+32°С болады.
Бүгін, 16 қыркүйекте Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатыны туралы толық болжамды мына сілтемеден оқуға болады.