"Жаңбыр жауып, тұман түседі": Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, ауа райы болжамы, 17 қыркүйек, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 21:27 Сурет: pixabay
17 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 17 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түнде облыстың шығысындағы екпіні 15-18 м/с қамтиды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 17 қыркүйекте түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 17 қыркүйекте күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түркістан облысының батысында шаңды дауыл соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 17 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 17 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда 17 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 17 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскеменде 17 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 17 қыркүйекте таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 17 қыркүйекте күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 17 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Бұған дейін синопиктер еліміздегі ірі үш қала бойынша 2026 жылғы 17-19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: