Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесіне билік жауап берді

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2026 14:01 Фото: Zakon.kz
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылғы 17 қыркүйекте Құрылтайдағы брифингте ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қазан айында қаралатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер бұған дейін ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен 150 мың теңгеге дейін көтеру жоспары айтылғанына қарамастан, оның мөлшері алдағы үш жылда 85 мың теңге деңгейінде қала ма деп сұрады.

"Шын мәнінде, есептеулер бар. Бұл мәселені Құрылтайда талқылаймыз. Бірінші оқылым қазан айында өтеді", – деп жауап берді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Депутат Татьяна Савельева бірінші оқылымның 14 қазанға жоспарланғанын нақтылады.

"Бірінші оқылымға дейін шығыстардың, бюджеттің, тапшылықтың және басқа да көрсеткіштердің негізгі параметрлерін қарастырамыз. Ал 14 қазаннан кейін салыстырма кестені талқылауға кірісеміз. Депутаттар ең төменгі жалақы мәселесін қазірдің өзінде көтеріп жатыр. Оны 14 қазаннан кейін талқылаймыз", – деді ол.

Бұған дейін Азамат Әмрин Құрылтайда жалпы ішкі өнімнің өсімі, инфляция мен мұнай бағасы қамтылған Қазақстан экономикасының 2027-2029 жылдарға арналған даму болжамын таныстырған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: