2027 жылы Қазақстанда 140-тан астам қонақүй мен шипажай салынады

Туризм және спорт министрлігі жаңа қонақүйлер мен демалыс базаларын салу жоспарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2026 15:22 Сурет: pexels
Туризм және спорт министрлігі жаңа қонақүйлер мен демалыс базаларын салу жоспарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда қонақүйлерді, мотельдер мен демалыс пансионаттарын қоса алғанда, 2625 орналастыру орны болған.


"Елімізде демалуға және орналастыруға арналған қолжетімді нысандардың таңдауы кең. Мұндай орындар Щучье-Бурабай курорттық аймағында, Маңғыстау мен Түркістанның туристік аймақтарында, сондай-ақ Алтай курорттық аймағында бар. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 2027 жылдың соңына дейін қонақүйлерді, нөмірлері бар жол бойындағы кешендерді, демалыс базалары мен шипажайларды қоса алғанда, 141 орналастыру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр, – делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы жобалардың 48-і тікелей қонақүй нысандарын салуды көздейді.

Бұған дейін Туризм және спорт министрлігі рекордтық көлемдегі 2,2 трлн теңге инвестицияның нақты қандай мақсаттарға жұмсалатынын айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: