Ауылдарды интернетке қосу жұмысы кестеден кешігіп жатыр – депутат
Фото: pexels
Құрылтай депутаты Владимир Киян 2026 жылғы 23 қыркүйектегі пленарлық отырыста ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Депутаттың айтуынша, Қазақстан ауылдарында 7 миллионнан астам адам тұрады. Бұл – ел халқының үштен бірі.
"Бүгінде ауыл тұрғындары үшін жоғары жылдамдықты интернет жұмыс істеуге, білім алуға, мемлекеттік және банк қызметтерін пайдалануға, кәсіп жүргізуге, сондай-ақ заманауи цифрлық экономикаға толыққанды қатысуға қажет. "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында жалпы саны 1 153 330 адам тұратын 2 955 ауылдық елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жоспарланған. Алайда жобаның іске асырылу қарқыны сұрақ туғызады. Бүгінге дейін 284 225 адам тұратын 306 ауыл ғана осы желіге қосылған", – деді Владимир Киян.
Оның мәліметінше, әсіресе 2024–2025 жылдарға жоспарланған жұмыстар айтарлықтай кешіккен.
"Белгіленген мерзімде 692 867 адам тұратын 1 502 ауылдық елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылмаған. Демек, ауылдағы 700 мыңға жуық адам жоспарланған жоғары жылдамдықты интернетке уақытында қол жеткізе алмады", – деді депутат.
Владимир Киян үкіметтен жұмыстың кешігу себептері, қазіргі барысы және аяқталу мерзімі туралы толық мәлімет беруді сұрады. Сондай-ақ жоғары жылдамдықты интернетке қосылмаған елді мекендерді желімен жедел қамтамасыз ету үшін спутниктік технологияларды қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Бұған дейін, 2026 жылғы 23 шілдеде, үкімет резервінен KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құру жобасына 10,4 млрд теңге бөлінгені хабарланған еді. Жоба ұлттық спутниктік байланыс пен телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript