Президент: Қазақстан Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 11:37 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесі мен Құрылтайдың өзара жұмыс істеу тәртібіне тоқталып, екі институт бір-бірінің қызметіне араласпай, керісінше, бірін-бірі толықтыруы қажет екенін айтт, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың telegram-каналында жарияланды.

Президенттің сөзінше, Халық Кеңесі Құрылтайға балама институт емес.

"Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес. Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды. Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ. Тиісінше, Құрылтай депутаттарының да Халық Кеңесінің жұмысына араласуға хақы жоқ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екі институттың алдында тұрған негізгі мақсат ортақ екенін атап өтті.

"Екі институт та бір-бірін толықтырып, бірлесе қызмет етуі керек. Сондықтан Халық Кеңесі мен Құрылтайдың комитеттері тығыз байланыста болып, үйлесімді түрде жұмыс істеуі қажет", – деді Президент.

Тоқаев заң жобаларын әзірлеу кезінде қоғамның пікірін, талап-тілегін толық ескеру маңызды екенін айтты.

"Заң жобаларын әзірлеу барысында жұртшылықтың ой-пікірін, талап-тілегін толыққанды ескеру қажет. Құрылтай мен Халық Кеңесі әрқашанда бірге болса, осындай мүмкіндік міндетті түрде пайда болады", – деді ол.

Президенттің айтуынша, Халық Кеңесінің құрамына этномәдени бірлестіктердің, өңірлік мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген.

"Осылайша мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың жаңа, ауқымды әрі біртұтас жүйесі қалыптасып отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Жаңа Конституцияның қабылдануы – әлем тарихында өте сирек кездесетін жағдай екенін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: