Тоқаев "Ел бірлігі" орденіне үміткерлерді Халық Кеңесі ұсынуы керек деп санайды

Церемония вручения государственных наград, государственные награды, вручение медалей, вручение орденов, церемония награждения, награждение, орден, ордена, медаль, медали, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 11:59 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында тілдің қоғамды біріктірудегі рөліне тоқталып, "Ел бірлігі" орденіне үміткерлерді ұсыну туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, кез келген тіл бірлік пен өркениеттің өлшемі болуға тиіс.

"Тіл – Жаратқанның адам баласына берген ең үлкен игілігі, теңдессіз сыйы. Қандай да бір тілге қарсы күрес жүргізу – Жаратқанға, оның нығметіне қарсы шығу. Сірә, бұдан асқан ақымақтық болмас", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде түрлі ұлт өкілдерінің жастары қазақ тілі мен мәдениетін кеңінен насихаттап жүргенін атап өтті. Ол мұндай азаматтарды достыққа дәнекер болып жүрген, құрмет пен қолдауға лайық жандар деп бағалады. Президенттің сөзінше, олардың қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға қосар үлесі зор.

Мемлекет басшысы бірнеше жыл бұрын өзінің тапсырмасымен "Ел бірлігі" ордені тағайындалғанын еске салды. Бұл награда ұлт тұтастығын нығайтып, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолында жемісті еңбек еткен азаматтарға беріледі.

"Конституциялық мәртебеге ие және халық атынан өкілдік ететін ұйым ретінде осы жоғары наградаға лайықты үміткерлерді Қазақстан Халық Кеңесі ұсынғаны дұрыс әрі әділетті деп есептеймін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: