ҚХК қоғамдық кеңестермен тұрақты байланысты жолға қойып, оларға жан-жақты қолдау шараларын қарастыруы қажет

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 12:16 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, бұған дейін қоғамдық кеңестер арасында мұндай байланыс пен тәжірибе болмаған. Сондықтан бұл жұмысты Халық Кеңесі арқылы алғаш рет жүйелі түрде қолға алу қажет.

"Елдік мәселелер талқыланған кезде қоғамдық кеңестердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажет. Осы орайда қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Халық Кеңесі қоғамдық кеңестермен тұрақты байланыс орнатып, оларға жан-жақты қолдау көрсету шараларын қарастыруы қажет екенін атап өтті.

"Халық Кеңесі қоғамдық кеңестермен тұрақты байланысты жолға қойып, оларға арналған жан-жақты қолдау шараларын қарастыруы қажет. Үкіметке Қазақстан Халық Кеңесімен бірлесіп, мұндай құрылымдардың кәсіби әлеуетін арттыру жолдарын пысықтауды тапсырамын", – деді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев қоғамдық бақылауды жүзеге асыруды Халық Кеңесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде атады.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда қоғамдық бақылауды жүргізудің бірыңғай әрі нақты тәртібі, сондай-ақ біртұтас жүйесі жоқ. Бұл жұмыстың нәтижесін бағалайтын ортақ өлшемдер де әзірленбеген.

"Халық Кеңесі қоғамдық бақылау саласын жүйелеп, оны ретке келтіруге атсалысуы керек. Бұл жұмысқа тәуелсіз сарапшылар мен кәсіби мамандарды көбірек тартқан жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Тоқаев: Халық Кеңесінің құрамына этномәдени бірлестіктердің 42 өкілі кіргені туралы атқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: