Жалған нөмір таққан жолаушылар автобусы анықталды
Фото: Zakon.kz
Қостанай полицейлері жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жолаушылар автобусын арнайы тұраққа қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Alau.kz жазуынша, MAN маркалы маршруттық автобус жолаушыларды жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен тасымалдаған. Полиция жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғап, автобусты арнайы тұраққа орналастырды.
Құқық бұзушылық 2026 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірінде өткен "Жалған нөмір" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.
Полиция көлік жүргізушісі жолаушылардың қауіпсіздігіне
жауапты екенін және заң талаптары мен жол қозғалысы ережелерін сақтауға
міндетті екенін еске салды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2026 жылғы 22 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте кейбір жүргізушілерді айыппұл төлеген кезде берілетін жеңілдіктен айыру мүмкіндігін түсіндірген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript