Қазақстаннан Өзбекстанға тәулігіне 60 пойызға дейін қатынай алады

Грузовой поезд, грузовые поезда, грузовой вагон, грузовые вагоны, перевозка груза, груз, грузоперевозки, грузовые перевозки, железнодорожные перевозки, ЖД перевозки, КТЖ, казахстанские железные дороги, поезд, поезда, вагон, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 13:50 Фото: primeminister.kz
Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов 2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкімет отырысында Қазақстанның бірнеше бағыттағы теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Қытай бағытында Достық – Мойынты учаскесінде екінші жол салынды. Алтынкөл станциясы мен Алтынкөл – Жетіген учаскесі жаңғыртылды. Соның нәтижесінде Қытай бағытындағы өткізу қабілеті тәулігіне 75 пойызға дейін жеткізілді", – деді Тайжанов.

Өзбекстан бағытында Сарыағаш және Оазис станцияларының өткізу қабілеті арттырылған.

"Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталып, Сырдария станциясы ашылғаннан кейін бұл бағыттың өткізу қабілеті тәулігіне 60 пойызға дейін жетеді", – деді вице-министр.

Бұған дейін қазақстандық астықтың Қытайға экспорты үштен бірге өскені туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: