Қазақстанда дәнді дақылдар егілген алқаптың 17%-ында өнім әлі жиналған жоқ
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова 2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте елдегі егін жинау науқанының барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның мәліметінше, бүгінде дәнді дақылдар егілген жалпы алқаптың 83%-ында, яғни 13,5 млн гектарда егін жиналған.
"Қазіргі орташа өнімділік гектарына 14,7 центнерді құрайды. Бүгінге дейін 19,9 млн тонна астық бастырылды. Енді алқаптың 17%-ындағы өнімді жинауымыз керек. Ауа райы қолайлы болса, егін жинау науқанын агротехникалық тұрғыдан оңтайлы мерзімде аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деді Хатепова.
Вице-министр барлық астық уақытылы жиналатынына сендірді.
"Биыл ауа райы қолайлы болып тұр. Астықтың ылғалдылығы жағынан да жағдай жақсы. Егінді уақытында жинаймыз", – деп қосты ол.
Бұған дейін Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталуға жақындағаны хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript