Абиба Әбужақынова Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

Абиба Әбужақынова Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 15:24 Сурет: Instagram/kaz_judoteam
Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесу аяқталды. Онда қазақстандық Абиба Әбужақынова жарыс қожайыны Мицуки Кондамен күш сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тартысты белдесуде қазақстандық дзюдошы 21 жастағы жапон спортшысына есе жіберді.

Бұл – Әбужақынованың Азия ойындарындағы екінші күміс медалі. Үш жыл бұрын Ханчжоуда өткен Азиадада да Абиба екінші орын алған еді.

Бүгін алдын ала белдесулерде қазақстандық спортшы Асмита Дейді (Үндістан) және Линь Чэньхаоны (Тайбэй) жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Айти-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында 54 медаль иеленді: 9 алтын, 15 күміс және 30 қола.

Жалпы медальдық есепте қазақстандық спортшылар тоғызыншы орында тұр. Осы жүлделердің бесеуін отандық боксшылар жеңіп алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: