Қолма-қол ақшасыз төлем қабылдамаған: қазақстандық сатып алушы сатушыны сотқа берді

Оплата по карте, покупки, оплата покупок, касса, кассовый терминал, кассир, контрольно-кассовый аппарат, контрольно-кассовые аппараты, ККМ, чек, чеки, выдача чека, выдача чеков, кассовый аппарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2026 16:32 Фото: pexels
Астананың азаматтық соты сатып алушының сатушы әрекеттерін заңсыз деп тану және моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу туралы талап арызын қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың 2026 жылғы 5 қазандағы мәліметінше, биыл наурызда талапкер сауда орнынан үш жұп әйелдер аяқкиімін сатып алып, банк картасымен төлем жасамақ болған. Алайда сатушы қолма-қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартқан. Кейін тауарды сатудан мүлде бас тартып, сатып алушыдан сауда орнынан кетуді талап еткен.

"Азаматтық кодекстің 387-бабының 3-тармағына сәйкес, тиісті тауарды ұсыну мүмкіндігі бола тұра, жария шарт жасасудан бас тартуға жол берілмейді. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 24 және 28-баптарына сәйкес, сатушы тауарды көрсетілген бағамен сатуға және тұтынушының тауарды еркін таңдауына мүмкіндік беруге міндетті. Ал "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңның 25-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан аумағында төлемдер қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да жасалуы мүмкін. Сондықтан тұтынушының қолма-қол ақшасыз төлем түрін таңдағанына байланысты сатушының тауарды сатудан бас тартуы негізсіз", – деп түсіндірді сот.

Жеке кәсіпкердің әрекеттері заңсыз деп танылып, талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Сатушыдан талапкердің пайдасына моральдық зиян үшін өтемақы және сот шығындары өндірілді.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін тағы бір астаналық сатып алған пәтеріне уақытында қоныстана алмағаны үшін құрылыс компаниясынан сот арқылы 10 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: