Қазақстандықтардың шығыны табысына сай келмесе, не болады

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, современные технологии, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 13:26 Фото: freepik
Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында салық органдарының қазақстандықтарға қандай жағдайда сұрақтары туындауы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер салық органдарында әрбір қазақстандық туралы дерлік цифрлық деректер жинақталғанын атап өтті. Сөз Smart Data Finance жүйесі туралы болып отыр. Осыған байланысты олар жүйе адамның мемлекетке көрсеткен табысы мен нақты тұрмыс деңгейі арасындағы айырмашылықты анықтай ала ма деп сұрады.

"Smart Data Finance шынымен де 80 дереккөзден мәлімет жинайды. Бұл – Салық кодексіне сәйкес алынатын жылжымайтын мүлік, автокөліктер, жер және басқа да деректер. Мобильді аударымдар туралы мәліметтерді тек белгілі бір жағдайларда ғана көре аламыз, оның өзінде бізге толық ақпарат берілмейді. Дегенмен табысыңыз бен шығыныңыздың арасында едәуір айырмашылық болса, оның себебін растайтын мәлімет ұсыну қажет", – деді ол.

Бұл жерде ресми табыс көзі болмағанына қарамастан, ірі сатып алулар жасаған азаматтар туралы айтылып отыр.


"Кіріс пен шығысты салыстыру арқылы олардың арасындағы айырмашылықты көреміз. Мысалы, адамның ешқандай табыс көзі жоқ, бірақ ол пәтер, үй, 5–6 автокөлік сатып алған. Мұндай жағдайда оған қаражатты қайдан алғаны туралы сұрақтар туындайды. Тиісті органдар осы азаматтармен немесе заңды тұлғалармен жұмыс жүргізеді. Табыс көздерін растап, содан кейін Салық кодексіне сәйкес тиісті салықтарды төлеуге болады. Осыдан кейін мәселе шешіледі", – деп түсіндірді Әсет Тұрысов.

2025 жылғы 4 қарашада Әсет Тұрысов Қазақстанда әрбір салық төлеушінің деректерін жинақтайтын жүйені енгізудің қаншалықты қауіпсіз екенін түсіндірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: