Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, ауа температурасы -6°С-қа дейін төмендейді
Фото: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылғы 8–10 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы үш күнде ел аумағында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, ауа температурасы -6°С-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, антициклонның әсерінен тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"8–10 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар аралас жаңбыр түріндегі жауын-шашын түседі. Шығыста көктайғақ күтіледі... Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ауа температурасы мынадай болады:
- елдің батысында түнде +5…+16°С, күндіз +17…+22°С-тан +22…+27°С-қа дейін жоғарылайды;
- солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде +3…+13°С-тан -1…-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз +10…+27°С болады;
- шығыста түнде 0…+8°С, күндіз +10…+15°С-тан +2…+7°С-қа дейін төмендейді;
- оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +3…+10°С, таулы аудандарда -2°С-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +17…+25°С, таулы аудандарда +12…+17°С болады.
Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы қазанға арналған нақтыланған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған еді. Оған сәйкес, Қазақстанда ауа температурасы -10°С-қа дейін төмендеп, қар жауады. Сондай-ақ күн қайта ысып, температура +30°С-қа дейін көтеріледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript