Келісімсіз өткен екі жыл: Қазақстан мұнай өнімдері үшін баж төледі ме

Добыча нефти, нефтедобыча, нефть, нефтяная скважина, нефтедобывающее оборудование, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2026 14:24 Фото: pexels
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 7 қазанда Құрылтайдың жалпы отырысында Қазақстанның мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі хаттаманы неліктен екі жылдан кейін ратификациялағанын және осы уақыт ішінде кедендік баж төлеуге тура келген-келмегенін түсіндірді,деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Сергей Пономарев Қазақстанның мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі хаттаманы келісімнің қолданысы тоқтағаннан кейін екі жыл өткен соң ратификациялау себебін сұрады. Сондай-ақ осы кезеңде қазақстандық компаниялардың қанша кедендік баж төлегенін білгісі келді.

"Біз кедендік баж ретінде бір теңге де, бір рубль де төлеген жоқпыз. Ратификацияның кешігуі мемлекетішілік рәсімдерден өтуге және елімізде, соның ішінде заң шығарушы органда болған өзгерістерге байланысты. Осыған байланысты бұл үдеріс ұзаққа созылды. Бірақ хаттаманың кері күші бар екенін, яғни оның бұрынғы кезеңге де қолданылатынын айтқым келеді. Осы хаттама аясында бұрын болған және туындаған барлық қатынастар осы келісіммен реттеледі. Сондықтан Қазақстан басқа елдердің бюджетіне бір теңге де баж төлеген жоқ", – деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Құрылтай депутаттары Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімнің қолданысын қайта жалғастыратын хаттаманы ратификациялау туралы заңды екі оқылымда қарап, қабылдаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: