Қазақстанға ұшып келіп, елге тіл тигізген шетелдікке айыппұл салынды

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 15:40 Фото: polisia.kz
Қоғамдық тәртіпті бұзған 52 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР көлік полициясының мәліметінше, ер адам Стамбұл – Орал рейсімен келгеннен кейін паспорттық бақылаудан өту кезінде ұсталған.

"Бақылау залында ер адам Қазақстан Республикасына қатысты балағат сөздер айтып, тіл тигізген. Полицейлер оны кезекші бөлімге жеткізіп, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ шетелдікпен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының талаптары мен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді", – деп хабарлады полиция 2026 жылғы 8 қазанда.

Сот шетел азаматын кінәлі деп танып, оған айыппұл салды. Сонымен қатар алдағы уақытта мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігі ескертілді.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысынан жеті шетелдік елден шығарылып, оларға Қазақстанға кіруге бес жылға тыйым салынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: