Қазақстандықтан мемлекет пайдасына 12 млн теңге өндірілді: ол не істеген
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстандық азамат ақшаға жекелеген адамдарға қамқорлық көрсеткен. Ол сотталғанымен, заңсыз алған қаражатына қатысты мәселе шешілмеген. Бұған Бас прокуратура назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас прокуратура мүлікті тәркілеу мәселесінің дұрыс шешілмеуіне байланысты Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотқа наразылық келтірді.
"Азаматтың жекелеген адамдарға қамқорлық көрсеткені үшін бірнеше рет заңсыз сыйақы алғаны анықталды. Оның жалпы сомасы 12 млн теңгені құраған. Сот үкімімен ол бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Алайда заңсыз алынған ақшаны өндіріп алу мәселесі шешілмеген. Прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот бұл мәселені қайта қарау қажет деп танып, М.-дан мемлекет кірісіне 12 млн теңге өндірді", – делінген хабарламада.
Биыл барлығы Бас прокуратураның жеті наразылығы қанағаттандырылып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан түскен 50 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілген.
Ал тағы бір қазақстандықтың банк алдындағы несие қарызына байланысты құны 12 млн теңгеден асатын екі автокөлігі сот арқылы алынған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript