Қалың қар, нөсер жаңбыр және +28°C: демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Фото: Zakon.kz
Қазақстанда алдағы демалыс күндері және келесі аптаның басында қатты жауын-шашын жауып, ауа температурасы +28°C-қа дейін көтеріледі, кей өңірлерде күн суытады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған 2026 жылғы 10, 11 және 12 қазанға арналған ауа райы болжамында айтылған.
Жаңбыр жауады деп болжанатын өңірлер:
- 10–11 қазанда – елдің оңтүстік-батысында;
- 11–12 қазанда – солтүстік-батысы мен солтүстігінде;
- 10 және 12 қазанда – шығысында;
- 12 қазанда – оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында.
10 қазанда елдің шығысында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.
"10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. 12 қазанда Түркістан облысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Күндіз ауа температурасы:
- елдің батысында +22…+27°C-қа дейін;
- солтүстік-батысында +17…+25°C-қа дейін;
- солтүстігінде +13…+20°C-қа дейін;
- орталығында +13…+22°C-қа дейін;
- шығысында +10…+22°C-қа дейін;
- оңтүстігінде, Қызылорда облысында +23…+28°C-қа дейін көтеріледі.
Түркістан облысында ауа температурасы +18…+23°C-қа дейін төмендейді деп күтілуде.
Ал Қазақстанның оңтүстік-шығысында ауа температурасы негізінен +17…+25°C болады.
Болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы:
- 10–12 қазанда – елдің орталығында;
- 10–11 қазанда – оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күтіледі.
Қазақстанның қай өңірлерінде 2026 жылғы 9 қазанға дауылды ескерту жарияланғанын сілтеме арқылы білуге болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript