Сауда саласында үш жаңа кәсіптік стандарт қабылданбақ

Покупки онлайн, покупки в интернете, покупки через интернет, онлайн-покупки, онлайн покупки, покупки в интернете, маркетплейс, маркетплейсы, банковская карта, платеж по карте, оплата по карте, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 13:14 Фото: pexels
Сауда және интеграция министрлігі "Сауда қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба мына кәсіптік стандарттарды бекіту мақсатында әзірленген:

  • "Отынды, кендерді, металдарды және химиялық заттарды көтерме саудада сату жөніндегі агенттердің қызметі";
  • "Риелторлық қызмет";
  • "Тауарларға пошта арқылы немесе интернет желісі арқылы тапсырыс беру жолымен бөлшек сауда жасау".

Барлық стандарт сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберін қалыптастыру аясында әзірленген.

Министрліктің түсіндіруінше, жобаны қабылдау:

  • сауда қызметі саласындағы кәсіптік біліктілік жүйесін жетілдіруге;
  • тиісті кәсіп иелеріне қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын белгілеуге;
  • кадрларды даярлау, іріктеу және аттестаттау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіптік стандарттарды бекіту сауда саласы қызметкерлерінің біліктілігіне, құзыреттеріне және еңбек функцияларына қойылатын бірыңғай талаптарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Құжат 27 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: