Қазақстанның үш өңірінде сапасыз бензин анықталды

АЗС, бензоколонка, бензоколонки, заправка, заправки, бензин, автозаправка, автозаправки, цены на бензин, стоимость бензина, автозаправочная станция, автозаправочные станции, повышение цен на бензин, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 14:15 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы автожанармай құю станцияларында отын сапасын бақылауға қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, отынның белгіленген талаптарға сай келмейтіні анықталған жағдайда, кінәлі тұлға мемлекеттік бақылау мен зертханалық зерттеулердің нәтижелері негізінде айқындалады.


"Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті автожанармай құю станцияларында 76 бақылау іс-шарасын өткізді. Олардың қатарында жоспардан тыс тексерулер, профилактикалық бақылау және бақылау мақсатында сатып алу шаралары бар. Бензиннің 78 сынамасы алынды", – делінген Премьер-министрдің жауабында.

Зертханалық зерттеулердің нәтижесінде үш жағдайда — Алматы қаласында, Қызылорда және Жетісу облыстарында бензиннің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні расталды.

Анықталған фактілер бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Бұған дейін Қазақстанда 2027 жылы мұнай өнімдерін міндетті таңбалау енгізілуі мүмкін екені туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: