Қазақстанда жыл басынан бері заңсыз микроқаржылық қызметке қатысты 19 қылмыстық іс тергелген
Фото: Zakon.kz
Оның айтуынша, Бас прокуратураның жұмысы заңсыз несие берудің нақты фактілерін тоқтатумен ғана шектелмейді. Жаңа интернет-ресурстар мен төлем құралдары арқылы мұндай қызметтің қайта жандануына жол бермеуге де бағытталған.
"Жыл басынан бері қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде заңсыз микроқаржылық қызметке қатысты барлығы 19 қылмыстық іс болды. Оның 10-ы сотқа жолданды, төртеуі рақымшылыққа байланысты тоқтатылды. Жекелеген микроқаржы ұйымдарының қызметін ғана емес, олар пайдаланатын инфрақұрылымның жұмысын да тоқтату шаралары ұйымдастырылды. Қаржылық мониторинг агенттігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Ішкі істер министрлігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Ұлттық банкпен және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, мұндай қызметті ұйымдастырушыларды анықтау, төлем және ақпарат арналарына тосқауыл қою шаралары қабылданып жатыр", – делінген жауапта.
Сондай-ақ түпнұсқаға ұқсатып жасалған сайттарды, мобильді қосымшаларды және заңсыз несие беру қызметінің қайта жанданғанын көрсететін өзге де белгілерді анықтау үшін интернет кеңістігіне автоматтандырылған мониторинг жүргізу мәселесі пысықталып жатыр.
Заңсыз несие беруге қарсы мемлекеттік шараларды жүйелі түрде жетілдіру жұмысы да жүргізілуде. 2026 жылғы 15 сәуірде және 9 қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне пайыздық мөлшерлемелерді, өсімқорлық қызметті реттеуді және лицензиясыз несие беруді анықтау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсынулар енгізген.
Бұған дейін Бас прокуратураның Alem Credit интернет-платформасын ұйымдастырушыларды іздеп жатқаны туралы жазған едік.