Бельгия Королі мен Патшайымына Қазақстан президентінің резиденциясындағы асыл тұқымды жылқылар көрсетілді

Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 16:52 Сурет: akorda.kz
Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда сапар барысында қазақ халқының бай рухани мұрасы мен дәстүрлерін танып-білуге ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 13 қазанда Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясына барған мәртебелі меймандар осында бағылатын асыл тұқымды жылқыларды тамашалады.

Король мен Патшайымға сәйгүліктердің шығу тегі мен оларды күтіп-баптау ерекшеліктері туралы айтылды. Сондай-ақ қонақтарға ұлттық ат спорты ойындарының үлгілері көрсетілді.

Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен 2026 жылғы 11 қазанда келді. Мәртебелі меймандарды елорда әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алып, олармен қысқаша әңгімелесті.

12 қазанда Ақордада Бельгия Королі мен Патшайымын ресми қарсы алу рәсімі өтті. Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі меймандармен шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: