МКҚ әскери қызметшілеріне зейнетақы мен жерлеуге арналған төлемдерді тағайындау тәртібіне өзгерістер енгізілді

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 12:57 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
МКҚ бастығының 2026 жылғы 1 қазандағы бұйрығымен қызметкерлер мен әскери қызметшілерге зейнетақы, жерлеу төлемі және қайтыс болған зейнеткердің отбасына жәрдемақы тағайындау мен төлеу тәртібі бекітілді.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларды зейнетақымен қамсыздандыру жұмысын ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Қаржылық қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырады. Ал зейнетақы төлемдерін тағайындауға қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыру және жалпы еңбек өтілін есептеу қызметтің кадр бөлімшесіне жүктелген.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде зейнетақымен қамсыздандыру мыналарды қамтиды:

  • - Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау. Бұл тәртіп Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет өткерген қызметкерлер мен әскери қызметшілерге, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдарға, тұрғылықты жерін ауыстырған азаматтарға қолданылады. Сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттерден Қазақстанға тұрақты тұруға келген, сол елдердің заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлерін қамтиды;
  • - еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың және олардың зейнетақы істерінің дербес есебін жүргізу;
  • - еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын зейнетақы куәлігін беру;
  • - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалдарымен өзара іс-қимыл жасау.

Нұсқаулықта сондай-ақ:

  • еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі;
  • жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және қайтыс болған адамның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібі бекітілген.

Бұйрық 2026 жылғы 25 қазаннан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: