Алматының оңтүстік бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда Giro d’Almaty 2026 веложарысына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 12:14 Сурет: pexels
Алматыда Giro d’Almaty 2026 веложарысына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылғы 18 қазанда әуесқойлар мен велоспорт ардагерлері арасында жыл сайынғы тасжол веложарысы өтеді.

Осыған байланысты 18 қазанда сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін Керей – Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында, Royal Tulip Almaty қонақүйінен (Керей – Жәнібек хандар көшесі, 401/2) "Медеу" биік таулы спорт кешеніне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"Қозғалыс жарысқа қатысушылардың жүріп өтуіне қарай кезең-кезеңімен шектеледі. Қала тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік танытып, жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деп мәлімдеді әкімдік.
Алматыда Giro d’Almaty 2026 веложарысына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 12:14

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар Алматыда 17 және 18 қазанда демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа піскен ауыл шаруашылығы өнімдерін, маусымдық көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ басқа да отандық тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: