Қар, жаңбыр, көктайғақ және –7°С-қа дейінгі үсік: демалыс күндері Қазақстанда ауа райы бұзылады
Сурет: ЖИ көмегімен жасалды
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 17, 18 және 19 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы сенбі, жексенбі және дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады.
Қар мен жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, найзағай ойнайды және –7°С-қа дейін үсік жүреді.
Синоптиктердің нақтылауынша, тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар, батысында жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, елдің шығысында көктайғақ күтіледі. Батыста найзағай ойнайды. Түнде оңтүстік пен оңтүстік-шығыста –1…–7°С-қа дейін үсік жүреді", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Метеорологтардың мәліметінше, ауа температурасы мынадай болады:
- Батыста күндіз негізінен +18…+25°С болады. Солтүстік-батыста түнгі температура 0…+5°С-тан –1…–6°С-қа дейін, күндіз +13…+18°С-тан +15…+20°С-қа дейін ауытқиды.
- Солтүстікте түнде 0…+5°С-тан –1…–6°С-қа дейін, күндіз +6…+12°С-тан +12…+17°С-қа дейін өзгереді.
- Орталықта күндіз негізінен +10…+20°С болады.
- Шығыста түнгі температура 0…+5°С-тан –1…–6°С-қа дейін ауытқиды. Күндіз негізінен +3…+12°С, таулы аудандарда –2°С болады.
- Оңтүстікте түнде +2…+7°С, күндіз +18…+25°С күтіледі.
- Оңтүстік-шығыста күндіз +10…+18°С, таулы аудандарда +3…+8°С болады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2026 жылғы қарашада ауа райы қандай болатынын айтқан еді. Болжамға сәйкес, республиканың бүкіл аумағында ауаның орташа айлық температурасы нормадан 2°С жоғары болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript