Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасын құттықтады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 14:49 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасын Касабланкада өткен Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 19 қазанда президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram-арнасында жазды.

Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты", – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.

19 қазанға қараған түні семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді. Ұлттық құрама сапында Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: