"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді
Фото: Zakon.kz
Алдағы үш күнде Қазақстанда күн суытып, тіпті оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 22–24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Жаңбыр мен қар әкелген циклонның орнын суық антициклон басады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен батыста, кейін елдің қалған өңірлерінде ауа температурасы төмендейді", – делінген болжамда.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік және шығыс облыстарында түнгі ауа температурасы біртіндеп 0…+5°C-тан -5…-10°C-қа дейін төмендейді.
"Тіпті оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезінеді. Түнде ауа температурасы -2…-7°C-қа дейін, ал күндіз +2…+7°C-қа дейін төмендейді деп болжанып отыр", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялаған еді. Болжамға сәйкес, 2026 жылғы 21 қазанда ел аумағында бұрқасын, үсік, көктайғақ және жаңбыр күтіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript