Президент: Республика күні – күллі халқымыздың басын қосатын жалпыұлттық бірегей мереке

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 13:30 Фото: akorda.kz
Республика күні – бүкіл халықты біріктіретін жалпыұлттық мереке. Егемендікті нығайтып, мемлекеттілікті дамыту – әр азаматтың ортақ міндеті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президент мерекелік құттықтауда атап өтті.

"Егемендік пен Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қазынамыз, ең асыл құндылығымыз! Сондықтан мемлекеттігімізді күшейтіп, еліміздің іргесін бекіте түсу – баршамыздың қасиетті борышымыз", – делінген құттықтауда.

Сондай-ақ егемендікке ата-бабалардың қайсар рухы мен мықты ерік-жігерінің арқасында қол жеткізілгені атап өтілді. Тәуелсіздік жолында құрбан болған азаматтардың және бостандық үшін күрескен тұлғалардың есімі халық жадында сақталатыны айтылды.

Құттықтауда аға буынның ел үшін атқарған еңбегі мен тарихи мұраға деген құрметтің артып келе жатқанына да назар аударылған. Әсіресе, жастардың ұлттық тарихты тереңірек танып, оған құрметпен қарауы оң үрдіс ретінде бағаланған.

"Біздің тарихымыз – ұлы жеңістердің, мәңгілік мұралар мен теңдессіз дәстүрлердің шежіресі", – делінген мәтінде.

Сондай-ақ елдің іргесін мемлекетшіл, отаншыл, парасатты, адал әрі еңбекқор азаматтар нығайтатыны атап өтілді.

Солардың бірі Әбдірашит Доспанов. Мерекелік жиында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан "Еңбек Даңқы" наградасының толық кавалері Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы шешім қабылданды.

Ол кәсіби шеберлігі мен еңбекке адалдығының арқасында сала дамуына үлес қосып, жас мамандарға тәлімгерлік етіп келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: