Қазақстанда ойын мекемелерінің жұмыс істеу қағидалары нақтыланды

Игорные заведения, игорное заведение, азартные игры, казино, карты, ставки, онлайн ставки, онлайн-ставки, лудомания, игромания, азартная зависимость, онлайн ставки, онлайн-ставки, ставка, тотализатор, букмекеры, букмекерская контора, букмекерская фирма, игорный оператор, ставки на спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 15:32 Фото: pexels
Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 16 қазандағы бұйрығымен ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың жұмыс істеу, бәс қабылдау және құмар ойындар немесе бәс тігуді өткізу үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, казино мен ойын автоматтары залдарының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес құмар ойындарға қатысуына тыйым салынған жеке тұлғаларды ойынға жібермеуге тиіс екені нақтыланды.

Сондай-ақ арнайы белгіленген жекелеген аумақтарда орналасқан, тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған казино мен ойын автоматтары залдарына кіру тәртібі айқындалды.

Мұндай мекемелерге тек:

  • - шетел азаматтары;
  • - азаматтығы жоқ адамдар;
  • - ойын мекемесінің қызметкерлері;
  • - еңбек немесе қызметтік міндеттерін орындау үшін келген өзге де адамдар кіре алады.

Бұл талап казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар, сондай-ақ олардың кассалары орналастырылуға тиіс жекелеген аумақтардағы аталған мекемелерге қатысты.

Бұйрық 2026 жылғы 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: