Қарттықта қаржылық қиындық көрмеу үшін ақшаны қайда салған дұрыс: Ұлттық банк басшысы кеңес берді

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 15:53 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 23 қазанда өткен брифингте қандай инвестицияны ең тиімді деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тимур Сүлейменов қазақстандықтарды ең алдымен балалардың білімі мен дамуына қаржы жұмсауға шақырды.

"Балалардың жан-жақты дамуына ақша аямау керек. Олар білімді, өмірге дайын болуы қажет. Мектепке дейінгі тәрбие, мектептегі білім және спорт міндетті түрде болуы керек", – деді Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ ол зейнет жасына жеткенше қаражаттың бір бөлігін депозитке салып, жинақтауға кеңес берді.

"Әрине, зейнетақы жинағын да көп жұмсай бермеу керек. Жалпы, кез келген шешімді ақылға салып қабылдаған жөн. Жаңа iPhone, жаңа теледидар немесе жаңа көлік секілді уақытша қызығушылықтарға ермеу керек. Меніңше, мұның бәрі өткінші. Ең жақсы инвестиция – балаларға, жақындарыңа және өзіңді дамытуға салынған қаржы", – деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін Ұлттық банк басшысы әл-ауқат санаттарын енгізу банктердің несие беру туралы шешіміне қалай әсер етуі мүмкін екенін айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: