"Халықтық құрылыс" бағдарламасының игілігін тұтас халқымыз көреді – Президент

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 11:30 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында "Көкшетау – Петропавл" тас жолын кеңейтіп, автокөлікпен жүк тасымалдайтын отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық аймағын байланыстыратын, елдің транзиттік әлеуетін күшейтетін заманауи теміржол және автомобиль жолдарының тұтас желісін құруды стратегиялық міндет деп атады.

Президенттің айтуынша, Қазақстан арқылы тасымалданатын жүк көлемі жыл сайын артып келеді. Сондықтан жол инфрақұрылымын жақсарту мәселесі, әсіресе, солтүстік өңірлер үшін өзекті болып отыр.

"Сондықтан ендігі кезекте "Көкшетау – Петропавл" тас жолын кеңейту ісіне кірісу керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы автокөлікпен жүк тасымалдайтын отандық кәсіпкерлерге жәрдем көрсету қажеттігіне де назар аударды.

"Себебі Қазақстан арқылы өтетін автокөлік транзитінің жартысынан көбі шетелдіктерге тиесілі. Осы саланы да ретке келтіретін уақыт келді, Үкімет тиісті іс-әрекеттерді қолданады", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі мақсат ел жолдарының әлеуетін нығайтып, азаматтардың табысын арттыру екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: