Инвестицияға қатысты мәселелермен "Бәйтерек" холдингі белсендірек айналысатын болады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 11:48 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында тағам өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыруды созбалаңға салмай, ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан жаңғырту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, "Бәйтерек" холдингі тағам өнеркәсібі саласында жалпы құны 500 миллиард теңгеден асатын әлеуеті зор жобалар тізімін дайындаған.

"Соның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қолжетімді әрі жеңілдетілген шарттармен қаржы бөлу мәселесін созбалаңға салмай, сапалы жобаларды дереу жүзеге асыру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ауыл шаруашылығы саласын технологиялық тұрғыдан жаңғыртудың да уақыты келгенін атап өтті.


"Елімізде шығарылатын технологиялық тұрғыдан сапасы жоғары тракторлар мен комбайндардың санын көбейту қажет. Бұл – өзекті мәселе. Осылайша, біз ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыра түсеміз", – деді мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: