Кәсіпкерлердің және инвесторлардың алаңсыз жұмысы үшін – Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, законы, законодательство, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 12:13 Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодекс әзірлеу қажеттігін айтып, оны келесі жылдың соңына дейін қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы құқық жүйесінің инновацияларды енгізу мен экономиканың бәсекеге қабілетін арттыруда айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, өткен ғасырдың 90-жылдарында қабылданған қолданыстағы Азаматтық кодекс өзінің тарихи миссиясын толық атқарды. Құжат нарықтық экономиканың негізгі институттарын құруға жол ашып, меншікті қорғау қағидатын бекітті және азаматтық қатынастардың құқықтық негізін қалыптастырды.

"Дегенмен қанша жерден сапалы болса да, бұл Азаматтық кодекс өтпелі кезеңдегі экономика үшін әзірленді. Сол кезде озық технологиялардың заты түгіл, аты да жоқ болатын. Әрине, соңғы 30 жыл ішінде бүкіл әлем, соның ішінде қоғамымыз түбегейлі өзгерді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы өзгерістерді ескере отырып, жаңа құжат қабылдау қажет екенін жеткізді.

"Осының бәрін ескере отырып, болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет деп санаймын", – деді президент.

Оның айтуынша, жаңа кодекс кәсіпкерлердің, инвесторлардың және азаматтардың алаңсыз жұмыс жүргізуі үшін құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


"Құрылтай депутаттары Үкіметпен бірлесе отырып, осы маңызды құжатты әзірлеуге тез арада кіріскені жөн. Құрылтай жаңа Азаматтық кодексті келесі жылдың аяғына дейін қабылдаса жөн болар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: