Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады
Фото: pexels
Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш күнде күздің салқыны сезіледі.
Астана
10 қарашада күн ала бұлтты болады. Түнде аздаған қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстіктен 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде −3…−1°C, күндіз −1…+1°C болады.
11 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде −5…−3°C, күндіз 0…+2°C болады.
12 қарашада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады. Ауа температурасы түнде −4…−2°C, күндіз 0…+2°C болады.
Алматы
10 қарашада күн ала бұлтты болады. Түстен кейін жаңбыр жауып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +18…+20°C болады.
11 қарашада күн бұлтты болады. Жаңбыр мен қар жауады, кей уақытта жауын-шашын күшейеді. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, екпіні 15–20 м/с болады. Түнде де, күндіз де ауа температурасы +5…+7°C шамасында болып, күндіз одан әрі төмендейді.
12 қарашада күн ала бұлтты болады. Түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +5…+7°C болады.
Шымкент
10 қарашада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей уақытта жаңбыр күшейеді. Ара-тұра тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +12…+14°C болады.
11 қарашада күн ала бұлтты болады. Ара-тұра жаңбыр жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +5…+7°C болады.
12 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде −3…−1°C, күндіз +7…+9°C болады.
Бұған дейін 7–8 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде жаздағыдай жылы ауа райы күтілетінін хабарлаған едік. Сол күндері ауа температурасы +27°C-қа дейін көтерілді. "Қазгидромет" мамандары мұндай жылылықты климаттық ауытқу деп санауға бола ма деген сұраққа жауап берген еді.